Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелде жүріп, қазақстандықтарға қоңырау шалған алаяқтардың 285 SIM-картасы табылды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2024
  • 68

Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен алаяқтардың 285 SIM-картасы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының прокуратурасы бұл карталар арқылы шетелде жүріп, қазақстандықтардың ұялы телефондарына қоңырау шалуға болатынын хабарлады.

«Жалға алынған пәтерді тексеру барысында 32 SIM-карта слоты бар «SIM box» жабдығы, сондай-ақ ұялы операторға тиесілі 285 SIM-карта табылды. Құрылғы «WhatsApp» және «Telegram» сияқты интернет-сервистері мен мессенджерлерді белсенді ету үшін пайдаланылды, бұл алаяқтарға жасырын аккаунттарды тіркеуге және елден тысжерлерде Қазақстан азаматтарына қоңыраушалуға мүмкіндік берді. Ұсталғанның айтуынша, ол жұмыс туралы ұсынысты «Telegram» арқылы алған, онда оға нжабдықтарды баптау және қызмет көрсету, сондай-ақ SIM-карталарды үнемі ауыстырып отыру туралы тапсырма берген. Осы міндеттерді орындағаны үшін жоғары ақы төленеді деп уәде берген», - деп хабарлайды Алматының прокуратурасы.