Астанада 600-ден астам орман қызметкеріне жалақысы төленбей келген

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2024
  • 381
Астанада 600-ден астам орман қызметкеріне жалақысы төленбей келген

Астанада «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам қызметкерінің жалақысын төлемей келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айындағы аталмыш мекеменің қарызы 144 млн теңгеден асып кеткен.

«Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді.
Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген прокуратура хабарламасында.