Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2024
  • 151

 Бұл жайында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясынан хабарлады, - KAZINFORM.

24 қазан мен 18 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында жағалауға шығып қалған 1 155 итбалық өлексесін тапты.

«Маңғыстау облысының жағалау белдеуін — Құлалы, Теңіз, Подгорный, Новый аралдарын, сондай-ақ Қаражанбас пен Қаламқас кен орындарының аумағын тікұшақпен барлау барысында тағы 834 итбалық ұшасы анықталған. Негізгі 500-ден астам бөлігі Құлалы аралынан табылған. Осы аралықта бас-аяғы 1989 өлі итбалық қаңқасын жинап алдық», — делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің мәліметінше, өлекселер әбден шіріп, ыдырап кеткен, сондықтан патологиялық материал алу мүмкін болмаған.