Түркістан облысында "Жетісай-Жібек Жолы" трассасында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты. Жол апаты "ВАЗ" маркалы автомобильдің "Вольво" ауыр жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан болған. Жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы тіл тартпай кетті. Алдын ала болжам бойынша жеңіл автокөлік тізгіндеген адам қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ГҮЛНАР АБДУРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бүгінгі таңда барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады.