Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Еуропа- Батыс Қытай жолы салынғалы тарихи орындарға туристер көптеп келе бастаған

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2017
  • 4708

Батыс Еуропа- Батыс Қытай жолы салынғалы бері Түркістан, Тараз қалаларындағы тарихи орындарға туристер көптеп келе бастаған. Олардың саны соңғы 1 жылда 1,5 миллион адамға жетті. 

Туризм саласын дамыту мақсатында Қазақстанда киелі жерлерді бейнелейтін электронды карта пайда болады. Бұл жаңашылдық алдағы екі айдың ішінде жүзеге асады деп жоспарланған. Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлының мәліметінше, ол картада тарихи құндылыққа ие жәдігерлер орын табатын болады. Осы қадам арқылы саяхаттаушылар санын одан әрі арттыруға болады. Және бұл тарихи орындарға жақын аумақтағы елді мекендердің логистикалық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Біз неге туризмді дамытуымыз керек? Егер туризм сол жаққа келе бастаса, жолын жөндеуге мүмкіншілік бар. Мына шалғай жерлерге Баянауыл, Ұлытау, Берел жақтарға барып жатса, одан түскен қаржы жолға жұмсалар еді.

Алдағы уақытта дәрі-дәрмек бағасы республиканың барлық аймақтарында біркелкі болады деген жоспар бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Ендігі жерде тасымал шығынын сылтауратып дәрі бағасын шамадан тыс арттыру деген болмайды. Яғни препараттар құны алыс-жақын 9 шет мемлекетпен үнемі салыстырылып отырмақ. Сондай-ақ министр міндетті медициналық сақтандыру жайына тағы тоқталды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ