Соңғы 5 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқандар саны азайды. Бұл туралы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ерлан Қарин айтты. Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін білдіреді. Мәселен, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы - 944, 21-ші жылы - 123, одан кейінгі жылда - 114, былтыр - 107, ал биылғы 10 айда 30 адам азаматтықтан шыққан.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
19-шы жылдан бері, 5 жылдың ішінде еліміздің азаматтығынан шығу туралы өтініштердің саны 16 есе азайған. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Яғни Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін көрсетеді.