Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда құны 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекі партиясы тәркіленді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2024
  • 56

Қостанайда полицейлер 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының қоймаларының бірінде полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі.

«Қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіздерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған. Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізуде», - делінген хабарламада.

Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.