Русский Сайттың толық нұсқасы

Германия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең үлкен павильонды таныстырды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2017
  • 2908

Германия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең үлкен павильонды ашты. Оның аумағы 1700 шаршы метр. Мұны Германия елшісі Рольф Мафаэль айтты. Көрме кезінде неміс тарапы «Болашақтың қаласы», электрлі көлік, ақылды үй және тағы да басқа жобаларды таныстырмақ.

Айта кету керек, «Болашақ энергиясы» бағытында Германия алғашқылардың қатарында. Жақында ғалымдар бұл елде қолданылатын электр энергиясының 85 пайызы баламалы энергия көздерінен алынатынын анықтаған. Немістер көрме кезінде жобаларының табысты боларына сенімді. Павильон комиссары Дитмар Шмитцтің айтуынша, қонақтарға  қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілін меңгерген 80 адам қызмет етпек.

Дитмар Шмитц,  «ЭКСПО-2017» Германия павильонының комиссары:

Қызметкерлердің 75 пайызы Қазақстаннан, тағы 25 пайызы Германиядан келеді. Ең бастысы - халықаралық көрме кезінде Германия павильонының қызметкерлері талапқа сай болу керек. 4 тілді еркін меңгерумен қатар, қарым-қатынаста сыпайы әрі епті болғаны да аса маңызды