Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде ТЖД қызметкерлері хостелдер мен жатақханаларда рейд жүргізді

Ақтөбе облысында биыл 469 өрт болып, 13 адам қаза тапты. 11 адам зардап шекті. Көбіне өрт оқиғалары жеке тұрғын үй секторында болады. Төтеншеліктер жүргізген рейд барысында бір қатар заңбұзушылықты анықтаған. Олар хостелдер мен жатақханаларды тексерді. Өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шара аясында шахардағы 15 хостел мен 40 жатақхана қамтылмақ.

АЙБАТ ЖАНАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қол өрт сөндіргіштері, өрт сөндіру құралдарының толықтай болмауы және шығу жолдарының бөгелуі мебельмен басқа да тұрмыстық қалдықтармен сонымен қатар өрт добыл сигналдарының жұмысы жарақсыз болып табылады. Сонымен бірге біздер аралаған обьектілер бойынша барлығына ұсыным хаттар береміз.

 Былтыр осындай 15 нысанды тексеру барысында тоқсанға жуық заң бұзушылық табылған. Көптеген жатақхана мен хостел иелеріне әуелі ескерту берілген. Ал ескертуден нәтиже шығармағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ГҮЛСІМ КАПЛИЕВА, СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ КОМЕНДАНТЫ:

Біздерде өртке байланысты қауіпсіздік жағдайлары бәрі сақталған. Өрт қауіпсіздігі үшін жаңағыдай огнетушительдер қойылған. Осы студенттердің қауіпсізігін сақтау үшін барлық жағдай жасалған.