Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да “Қарызсыз қоғам” жобасы жүзеге сәтті асырылуда

Батыс Қазақстан облысында “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша бір жылдың ішінде 9 мыңнан астам адам тәлім алды. Бұл жоба қарызға батқан азаматтардың қаржылық сауатын арттыруды көздейді. Мамандар арнайы курсқа қатысушыларға өз қаржысын тиімді жұмсау, несиеден құтылу тәсілдерін түсіндіреді. Осы игі бастаманы қолға алған AMANAT партиясының өкілдері былтыр облыс аудандарын түгел қамтып, 8621 адамды оқыту жоспарлапты. Бірақ қарызынан құтылуға құлшыныс танытқандар көбейіп, "шәкірттер" саны артқан. Осылайша бір жылда 9403 адам қарызсыз өмір сүруді меңгеріпті. Қаржылық сауат ашқандардың дені - алған несиесін жабудың амалын таппай жүргендер мен борышкерлер. Сонымен қатар несие алып, мемлекеттік бағдарлама бойынша өз ісін бастаған кәсіпкерлер де қызығушылық танытыпты.

АЖАР НҰРАЛЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Биыл облыс көлемінде 6500 адамды оқыту жоспарланды. Бірақ былтырғы жылдан бері бастау алған бұл жобаның нәтижесін көріп, оқып шыққан адамдардың оң пікірлерінің арқасында жобаға қызығушылығы артып отыр оқушылардың. Соған сәйкес оқушылардың саны да артты. Жыл аяқталмай жатып, биылғы жылдың өзінде 7 105 адам оқудан өтіп, қолдарына сертификат алды бәрі. Жыл соңына дейін оқу әлі жалғасады.