Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде

Түркістанда орман шаруашылығының мамандары ағаштарды санап жатыр. Олар бұл бастаманы «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асыруда. Аймақта 2021-2027 жылдар аралығында 170 миллион түп көшет егу жоспарланған. Қазірдің өзінде 50 пайызы орындалған. Сондай-ақ, Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 29 мың түп жеміс көшетін еккен. Орманшылар тазалық акциясына да белсенді қатысып келеді. Осы уақытқа дейін 450 тонна қоқыс шығарған. Ал құмды жерлерге сексеуіл көшеттерін егуде. Бұл желді күндері құм көшкінін болдырмай, аймақтың шаңнан таза болуына септеседі дейді.

НҰРДӘУЛЕТ ОРАЗЫМБЕТОВ,  ҚР ЭТРМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ал қазіргі таңда жоспар бойынша күзгі айларда сексеуіл көшеттерін себу жоспарланған. Қазіргі таңда енді жоспар орындау барысы басталуда. Ол жерге 26 900 гектар сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізіледі. Біздің Түркістан облысында өздеріңіз білесіздер, құмды жерлер болғаннан кейін көбіне бізде сексеуіл тұқымын себу, егу жұмыстары жүргізілуде.