Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар қыстан қалай шығарын білмей дал

Таразда бір көшенің тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр. Алпыс жыл болған ауыз су құбырын ауыстыруға келген жеке компания жұмысын жарты жолдан тастап кеткен. Салдарынан тас жолдың талқаны шығып, қазылған жер ми батпақ болып, көпшілік көшеге шығудан қалған. Балаларды аяқтарың лас деп мектепке де кіргізбей қоятын көрінеді. Қалада тұрып, қараусыз қалдық деген бұқара қадағаламаған қала билігін кінәлайды. Тараптарды тілшіміз тыңдады. 

Ауыс су құбырын ауыстыруға келген мердігер көшенің астаң кестеңін шығарған. Ешкіммен ақылдаспай көрінген жері қазып, көмген жері көл болып, опырылып астына түскен. Көшеге кірген көлік жүре алмай, әбігерге түсуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін көліңдерде балшыққа батуда.

Күзде басталған жұмыс қысқа дейін бітуі тиіс болған. Бірақ мерзімінен кешігіп тұр. Бұқара енді қыстан қалай шығарларын білмей дал. Ал қазулы күйінде қалған көшенің сиқы мынау. Айнала батпақ, аяқ алып жүру мүмкін емес. Жасалған жұмыстың сапасына да көңілдері толмайды.

РАХИМА БАЙБӨКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бәрін жарым жолда қалдырып кетті. Мынаның бәрін қазды-қазды. Где попала турбаларды өткізе салды. Қосқан сайын, қазған сайын ескі турбаларды тесіп жатыр. Чурка тыға салады. Ол қысымен шыдамайды ғой.

ҚҰРАЛАЙ КҮНТУБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз мынау қыста ішеміз ба ішпейміз ба суды. Мынау жол әжептеуір асфальтіміздің бәрін қиратты, оқушыларымыз балшықпен мына жаққа жылап барады. Бармаймыз. Біз барсақ апайлар кіргізбейді мектепке дейді. Ұрсады екен.

ӘТІРКҮЛ ТӘЖИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қанша жерге жазып, айтып жатырмын мен. Бізге көмектесетін әкімдер бар ма? Бізе жәрдем беретін әкім бар ма? Келіп көріңіздер, бізге көмектесіңіздер.

Жұрт жиналған көшеге, жауаптылар да жедел жетті. Алайда қала әкімдігі осы көшенің ауыз су құбырын ауыстыруға мемлекеттік сатып алу парталына жарияланған екен. 23 млн теңгенің жұмысын 9 млн астам қаржыға істеп беремін деп бір мердігер ұтып алыпты.

НҰРСҰЛТАН ИСАБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«G7 КАПИТАЛ» ЖШС ұтып алып бүгінгі таңда 16 қыркүйектен бері жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенімен өзінің берілген уақытында аяқталмағандықтан 0,1 пайыз айып пұлын төлеп 7-шгі желтоқсанға дейін міндеттеліп отыр жұмыстарды толық аяқтау бойынша. Және де келесі жылға бұл көшелерді қайта қалпына келтіру, қайта жөндеу біздің жоспарымызда бар.

Осылайша жұмысына салғырт қараған жеке компания 7-ші желтоқсанға дейін жұмысын толық аяқтауы тиіс. Бітпеген жағдайда жосықсыз мердігер деп қара тізімге енгізіп сот арқылы екінші рет тендерге жолатпаймыз деп отыр.