Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры талантты жастарға мүмкіндік береді

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2017
  • 3143

Қазақстанда талантты жастарға мүмкіндік беретін «Жас өркен» тағылымдамалық бағдарламасы қолға алынады. Бұл жобаға бастамашы болып отырған - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Бағдарламаның мақсаты - дарынды жастарды іріктеп, оқыту және келешекте жұмыс ұсыну. Оған жоғарғы оқу орындарының түлектері қамтылатын болады.  Өтініштер 1 шілдеге дейін қабылданады. Төрт сатылық іріктеу нәтижесінде 20 адам таңдап алынады. Сыннан сүрінбей өткендер 5 апталық оқу бағдарламасын меңгеріп, 20 ай тағылымдамадан өтеді.

Гүлмира Раисова, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ»  АҚ корпоративтік университетінің директоры:

Біздің жобаның басты ерекшелігі - оның ұзақ мерзімді екенінде. Кадрлық бастамалар әдетте 1-3 жылды ғана қамтитын. «Жас өркен» бағдарламасының көздегені - кем дегенде 20 жыл. Яғни талантты жастарды таңдап, оларды оқытып, жетілдіріп, жұмысқа орналастырамыз. Алдағы қызметтік мансабын да бақылауда ұстаймыз.

Тағылымдама барысында тәлімгерлер 5 ай бойы тәжірибе жинақтайды. Осы мерзімде жас мамандарға шәкіртақы, жол ақысы мен жатын орны төленеді. Мұндай бастаманың көздегені бір. Ол - компаниялардың дамуына үлес қосатын білікті кадрлар даярлау.

Айбек ҚОСАН