Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2024
  • 135

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты.

— 2024 жылғы 21 қарашада сағат 15:00–де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы — Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.