eGov Mobile мобильді қосымшасында "Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық" атты жаңа сервис іске қосылды.деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2024 жылғы 21 қарашада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді,
Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.
Бұл қызмет "Мемлекеттік несие бюросы" АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін "Несие беру" және "Сақтандыру" деген екі бөлімнен тұрады. "Несие беру" бөлімінде пайдаланушыға кейінгі бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады, – делінген хабарламада.
Егер алынған мәліметтер бойынша сұрақтар туындаса, пайдаланушы тікелей кредит берушіге немесе сақтандыру компаниясына жүгінуі қажет. Жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі, бұл eGov Mobile пайдаланушылары үшін "Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық" қолжетімді етеді.