Русский Сайттың толық нұсқасы

WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2024
  • 105

WhatsApp-та орыс тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыратын тегін функция қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл функцияны қосу үшін "Баптаулар" мәзіріне өтіп, "Чаттар" бөлімінде "Дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыру" тармағын таңдап, тілдік пакетті жүктеу қажет.

Әзірлеушілер мәліметінше, бұл функцияны қолдана алатын тілдер тізімі Android және iOS жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Орыс және ағылшын тілдері екі платформадан да қолжетімді.

Дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыру үшін оны басып тұрып, ашылған мәзірден "Транскрипциялау" батырмасын таңдау қажет.

Мәтінге айналдыру тікелей сіздің құрылғыңызда орындалады, осылайша жеке хабарламаларыңызды тек өзіңіз оқи аласыз немесе тыңдай аласыз - олар WhatsApp-қа да қолжетімді емес, - деп сендірді әзірлеушілер.