Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің жастары жаңа экологиялық жоспарды талқылады

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде “ Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында “ Өзіңнен баста” атты дөңгелек үстел өтті. Онда қоғамдық ұйымдардың белсенділері, студент жастар жиналып экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады. “ Таза Қазақстан” республикалық акциясы басталғалы қоршаған ортаны тазалауда, абаттандырып, көгалдандыруда жастардың үлесі ерекше. Облыста 289 саябақ пен гүлзардың айналасы жиналып, 62 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Қала мен елдімекендерде 335 мың ағаш егілді. Көгалдандыруға, әсіресе, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсене араласты. Жекелеген кәсіпкерлерде гүлзарларға жүз түп қайын ағашын егіп, акцияға үлес қосты.

АРТУР АЗИЕВ, “ЖАСЫЛ ЕЛ” ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жасыл елдің негізгі мақсаты еңбекке баулитын орта, яғни 16 жастан бастап жұмыспен қамтамасыз еткеннен кейін ол жерде неше түрлі балалар бар. Күрек ұстап көрмеген балалар бар мысалға сол балалардың барлығынмен біз үш бағыт бойынша жұмыс істейміз ғой. Көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс отрядтары. Көгалдандыру мен абаттандыруға біз 16 жастан бастап балаларды аламыз.