Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 4500 түп ағаш егілді

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясына жамбылдық орманшылар да атсалысып жатыр. Аймақтағы мыңнан аса қызметкер осы күзде қала, аудан әкімдіктерімен бірігіп 5 жарым мыңнан аса қараағаш, терек пен арша көшеттерін екті. Жалпы Жамбылда 4 жарым миллион гектарға жуық орманды алқап бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақта 2021-2027 жылдары 140 млн дана ағаш отырғызу қажет. Ал елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймақ құру жоспары бойынша аймақта 5 жылда 970 мың дана ағаш егу көзделген. 

Нұрсұлтан НҰРҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Жыл сайын, облысымызда Таза Қазақстан акциясы өткізіледі. Аталған іс-шаралар күз айларында облысымызда барлық аудандар мен Тараз қаласы бойынша толық қатыстырылып, елді мекендер бойынша ағаш отырғызуға белсене қатысқан 1845 адам болса, 5690 дана ағаш, терек және арша көшет талдары отырғызылды.