Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 500-ден астам жас “AMANAT" партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Слетіне қатысты

Қарағандыда 500 ден астам жас “AMANAT" партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының «ENBEK.BOLASHAQ.DAMU» жастар Слетіне қатысты. «Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам», «Адал адам-адал еңбек, адал табыс», «Синтетикалық есірткі. Нашақорлыққа қарсы күрес», «Кибер-алаяқтық: қауіпсіздік қағидаты» атты 5 бағыт бойынша форсайт-сессия болды. Жас азаматтар тәжірибелі спикерлердің дәрісін тыңдап өз идея, ұсыныстарымен бөлісті. Ауыл мен қала жастарының басын қосқан жиын – болашақ ұрпақты өз елінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға ынталандыруды көздейді. Жас көшбасшылар мен қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, азаматтық қоғамды нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді іздейді. “ Amanat” партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1,5 млн-нан астам жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үй беру, ауылдағы жас дәрігерлерге көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыру, жас ғалымдарға ғылым гранттар бөлу, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшерін арттыру жоспарланып отыр.

ОЛЖАС ҚАЙДАРҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

“Жастардың ішінде өзекті болып жатқан мәселелер қозғалуда. Киберқауіпсіздік және нашақорлыққа қарсы лекциялар, жалпылама жастардың арасында болып жатқан өзекті мәселелер. Әртүрлі спикерлер келіп жастардың уақытын қалай пайдалы өткізуге, болашақта қандай қадам жасауға көмек беріп жатыр ”.