Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. Полиция департаментінің мәліметінше, "Лада Приора" автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп "Ютонг" 107- нші маршруттық автобуспен соқтығысқан. Жеңіл көлікті тізгіндеген азаматтың техникасынан кенет ақау шығуы немесе жүргізуші кенет өзін нашар сезініп осы жағдайға душар болуы мүмкін деген болжам бар. Ол оқиға орнында көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі мен жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. 

ЖАНСАЯ ЖҮНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

“Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жылдамдықты асырмау, арақашықтықты сақтау бойынша жол жүру ережелерін қатаң ұстануды сұрайды”.