Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» фракциясы есірткі бизнесіне қатысы бары анықталған құқық қорғаушыларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсынды

«AMANAT» фракциясы есірткі бизнесіне қатысы бары анықталған құқық қорғаушыларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсынды. Мәжілісте фракцияның жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады. Есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тағайындалатын жазаны қатаңдатуды талқылады. Бүгінде есірткі қылмысы үшін сотталған 4 мыңнан астам адамның 1300-ге жуығы оны жасырып кетумен айналысқандар. Олардың арасында жасөспірім балалар, қаржы қыспағына іліккен жастар көп. Сондықтан Мәжіліс Спикері алғаш рет қылмыс жасаған есірткі курьерлерінің жазасын жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз ірі наркобарондар мен закладчиктерге бірдей жаза қолдану әділетті емес екендігіне назар аударған болатын. Шынтуайтында оларды осы заңсыз іске тартқан есірткі өндірушілер мен закладчик жеткізушілердің жазасы пара-пар емес бүгінде. Сондықтан мемлекет басшысы айтқандай, олардың әрқайсысын бөлек қарап, жазаларының деңгейін заң жобасының екінші оқылымына дейін қарастыруымыз керек. Осынау әлеуметтік кеселдің түпкі себебі мен оны таратушыларды жойғанда ғана бұл қатерге тосқауыл қоя аламыз. Қарастырылып отырған заң жобасында осының барлығы жан-жақты қамтылуы тиіс.