Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызылорда көш бастап тұр": Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2024
  • 78

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

Пәтер беруін талап еткен: Талдықорғанда қызметкер бұрынғы басшысын бопсалағаны үшін сотталды

Астаналық әйел Перизат Қайрат екі жыл бұрын уәде еткен пәтерін әлі алмағанын мәлімдеді

1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;

2 бөлмелі – 12 миллион теңге;

3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

"Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады", –делінген хабарламада. 

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

1 бөлмелі – 13 миллион теңге;

2 бөлмелі – 19 миллион теңге;

3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.