Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқушы қыз бен анасын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2024
  • 83

Оқушы қыз бен оның анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалімнің соты қалай өтетіні белгілі болды. Түркістан облыстық соты іс ашық өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Алқабилер таңдалып та қойған.

Айта кетейік, ер адамға үш бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр.

"Іс материалдарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) ҚК 24-бабы 3-бөлігі, (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы, (Екi немесе одан көп адамды өлтіру) ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралады", - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.