Русский Сайттың толық нұсқасы

«Путин келе жатыр»: Ақорда Ресей президентінің сапарынан ресми анонс жариялады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 89

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Президенттер Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады», - деп хабарлады Ақорда.