Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кітап аманат" ауылдықтар көңілінен шықты - AMANAT

AMANAT партиясының "Кітап аманат" жобасы ауылдағы кітапқұмар ағайын үшін іздегенге сұраған болды. Былтыр басталған ауқымды жоба Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында жалғасын тапты. Мұнда 600-ден астам басылым жеткізіліп, балалар әдебиеті, жастарға арналған мотивациялық кітаптар, бизнес әліппесі, шетел жазушыларының туындылары секілді түрлі саланы қамтитын кітаптар қойылған. Ұйымдастырушылар жергілікті ақын-жазушылардың да шығармаларына орын тауыпты. Жобаның басты мақсаты - кітапхана сөресінде, кітап дүкенінде жоқ туындыларды оқырманға жеткізу. Ал олар өзіне ұнаған шығармаларды құрбысына, досына сыйлай алады. Бағасы да Оралдағы кітап дүкендерінен төмен. Өйткені кітап бизнесі ауыл-аймақта әлі дұрыс жолға қойылмаған, сондықтан бұл кітапсүйер жандарға іздегенге сұраған болды, дейді аманаттықтар. 

БИБІГҮЛ АХМЕТЖАНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Оқушылар, орта буын жақсы қабылдап жатыр. Ардагерлер қабылдап жатыр. Олардың басты мақсаты - сол жерге келіп, жаңағы әдебиеттерді оқу, заманауи, бұрынғы емес, қазіргі заманау әдебиетпен танысып, өз қызығушылықтарын танытуда.