Ақтөбенің Мұғалжар ауданында балабақша бухгалтері қазына қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Есепші 49 миллионға жуық қаражатты қолды қылған. «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері банк құжаттарына басшыларынан атынан қол қойып, қазына қаражатын өз есеп шоттарына аударып отырған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде «Шапағат» және «Арай» балабақшасының есепшілері 5 миллион теңгеден астам шығынды өтеп, оларға қатысты іс тоқтатылған. Ал «Балауса» және «Гүлдер» бөбекжай бухгалтерінің кінәсі дәлелденіп, жеті жылға сотталды.
ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сот үкімімен К кінәлі деп танып, оған материалдық жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 7 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.