Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумы өтті

Елордада «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумы өтті. Шара "AMANAT"партиясы әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған өңірлерден келген 150-ден астам көшбасшы әйел мен Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан келген халықаралық қонақтар қатысты. Форумда "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті. 

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде әйелдер мен балаларды қорғау бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Осыдан бір жыл бұрын Қазақстандық әйелдердің саяси белсенділігін арттыру мақсатында, өзіміздің партияның ішіндегі әйел азаматтардың жұмысын күшейту мақсатында біздің партиямыздың жанынан әйелдер қанаты құрылған болатын. Осы бір жылдың ішінде көптеген маңызды істерді жүзеге асырып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының Бас хатшысы Адем Құла түрлі елдердің әйелдер бизнесі өкілдерінің кездесулерінің маңыздылығына назар аударды. Бұл түркі елдерінің интеграциясын күшейтуге мүмкіндік береді. Оның пікірінше, мұндай кездесулер бір-бірін жақсы білуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.Әзербайжандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қауымдастығының басқарма төрағасы Сакина Бабаева Экономикалық даму контексінде түркі халықтарының бірлігінің маңыздылығын атап өтті.

САКИНА БАБАЕВА, ӘЗЕРБАЙЖАН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2017 жылы біз әйелдер кәсіпкерлерінің платформасын құру жайлы бастама көтерген болатынбыз. Бүгінде 7 елдің жастары мен әйелдерін біріктіріп отырмыз. Мемлекет пен халық, кәсіпкерлер арасында көпір салып бердік. Экономикалық бағытты да дамытып жатырмыз. Бүгін «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толып отыр екен. «Аманат» сөзі түркітілдес елдерді біріктіріп отырған әлем.