Елімізде дәрі-дәрмек арзандайды. Сонымен қатар негізсіз шығындар да алынады. Көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстеме 15-25%-ға төмендемек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі. Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отырады. Сонымен қатар дәріханалардағы бағаны бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымалдау және басқа да шығындар туралы объективті деректер алынады.
Дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары. Алайда қазір баға өте жоғары дейді тұрғындар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Әжелер апалар олар деген дәрісіз жүре алмайды ғой. Бағасы түссе оларға жақсы болады.
- Бесплатно алу керек дәрілер. Емханаларда жылдың соныңда таусылып қалады. Үнемі осы қаладан алдыртамыз. Аудандарда дәрі мүлдем қымбат. Арзандаса жақсы болар еді.
- Негізі арзандау керек ғой дәрі-дәрмектін бағасы. Қазір ауыратын адамдар көп. Кішкентай жас балдар көп. Соған байланысты негізі арзандаған дұрыс.