Павлодарда жол апатынан 16-дағы жасөспірім көз жұмды. Оқиға қаладағы орталық көшелердің бірінде болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Соның кесірінен көлік ішіндегі 3 бала да зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, бір жеткіншектің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр. Осы іске қатысты полиция іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көліктегі 3 баланың да түнгі уақытта заңды өкілдері болмаған.
КЕҢЕС АҚЫЛЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бізге екі бала түсті. Бір бала өкінішке орай қайтыс болды. Екінші бала реанимация бөлімінде жатыр. ем шаралар өткізілуде. Жағдайы ауыр.