Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ер адам автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберді

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 69

Әлеуметтік желіде ер адамның автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберген сәттегі видеосы таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, оқиға қаладағы №126 қоғамдық көлігінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жолаушы әйелге ескерту жасағанымен, қалаған жауабын ала алмаған. Содан кейін оның жағасынан ұстап, көліктен шығарып жіберуге тырысқан. Әйел қарсылық көрсетіп, ер адамды итеріп жіберген, осы үшін соққы алған.

Сонымен қатар видеодан ер адамның әйелді бетінен шапалақпен ұрғаны көрінеді.

"Сен неге маған қолыңды көтересің. Бақылаушымын, маған бәрібір", деп әйелге қол көтерген ер сөйлейді.
Ал әйел оған "Басың істей ме? Неге күшіңізді қолданып жатырсыз? Мұндай әрекетіңіз сізге қайта айналып келеді. Аллам бәрін көріп тұр" деп айтып, қатты жылағаны естіледі.

Ер адам, керісінше, кешірім сұраудың орнына әйелді сыртқа шығуды талап етіп, әңгімені қайта жалғастыруды сұрайды.