Жаңа жылдық кейіпкерлерді үйге шақыру құны бір жылда 20%-ға өсті. Егер 2023 жылы Аяз Ата мен оның немересінің жарты сағаттық сапары ел бойынша орташа есеппен 10-нан 15 мың теңгеге дейін болса, бүгінде күні мен сағатына байланысты 30 минуттық қойылымы 12 мың теңге тұрады, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір қызығы, еліміз бойынша бұл баға құбылмалы. Мәселен, Шымкентте бұл қызметті 13 мың теңгеге ресімдеуге болады, ал Қарағандыда немесе Оралдағы ертегі кейіпкерлері 15 мың теңгесіз келмейді. Қызылордадағы Аяз аталардың қызметі болса 10 мың теңгеден аспайды.
Бұл уақытта Астана мен Алматыдағы жаңа жыл актерларының қалтасы қампаяды. Мысалы, Алматыда мынандай ұсыныстар бар:
"VIP-Аяз Ата! Аяз Атаның резиденциясына трансфер, Ақшақармен шай ішу, тәтті пирогтар, сыйлықтар беру, белсенді ойындар, бейне және фотосессия. Барлығы 65 мың теңге, екінші және келесі шақырылымдар үшін-35 мың теңге".