Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бүлдіршіні кәріз құдығына құлап қайтыс болған балабақша басшысы мен тәрбиешісі сотталды

Атырауда бүлдіршіні кәріз құдығына құлап қайтыс болған балабақша басшысы мен тәрбиешісі сотталды. Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты функционалдық міндетін дұрыс орындамағандарға екі жыл 6 айға шартты түрде жаза тағайындады. Одан бөлек педагогикалық қызметте 3 жыл жұмыс істей алмайды. Қайғылы жағдай биыл шілде айында таңертеңге уақытта қаладағы «Чебурашка» жекеменшік балабақшасында болды. Кәсіпкердің екі қабатты ғимаратты жалға алып, балабақшаны ашқанына бір ғана жыл болған екен. 3 жасар бөбекті қараусыз қалдырған тәрбиеші ашылғаннан бастап жұмыс істеген. Сотталушылар кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Олар енді жазаның барлық мерзімінде пробациялық бақылауда болады.