Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 86 қоғамдық қабылдау өтті

Ақтөбеде AMANAT партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Онда тұрғындар түрлі мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек алуға мүмкіндік алды. Қоғамдық қабылдауға заңгер мамандар, нотариус, медиаторлар түрлі мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Көбінесе тұрғындар құжаттарын дұрыс рәсімдеу, ипотека алу шарттары мен авдокаттардың жеке кеңесіне жүгінді. Негізі «AMANAT»партиясына азаматтардан 3800 ден астам түрлі өтініш түскен, оның 57 проценті оң шешімін тапқан. Жыл басынан бері осындай 86 қоғамдық қабылдау және шалғай елдімекендерде 17 рет мобильді қабылдау өткізілген.

РАҚЫМЖАН НИЗАМУТДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңгерлік кеңестер беру көмек көрсету. Халықтың өтініштерін жедел әрі оңтайлы етіп шешу сол заңгерлер медиаторлар бар, юрист адвокаттар солар құқықтық көмек бойынша қарастырып, заңды түрде көмек беруге бұл бәрі ақысыз көмектесу.

АЙТКҮЛ СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Негізі құқықтық көмек бойынша ипотека жағдайы бойынша сұрап келдім. Өзіме керек барлық мағлұматтарды алып, оның барлығын түсіндіріп берді. Одан басқа да юридический өзімнің сұрақтарым болды, жеке басымның мәселелеріне көмектесті.