Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Береке тұрғын алабында бір тәуліктен бері жарық жоқ

Ақтөбенің іргесіндегі «Береке» тұрғын үй алабының тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Күнара өшіп қалатын көрінеді. Энергия болмаса, жеке үйлерде жылу да жоқ. Халықтың осылайша берекесі қашып, қиналып отырғанына 10 жыл болған. 

«Береке» тұрғын алабында үйлер 10 жыл бұрын салына бастады. Қазір мұнда 160 тан астам отбасы тұрады. Жарық жиі өшеді, көгілдір отынның қысымы төмен. Бұл мәселелерден тұрғындар әбден шаршаған.

КӘМШАТ ТӨЛЕУОВА,ТҰРҒЫН:

Неше жылдан бері бізде электр желісімен проблема бар үлкен. Бір айдың ішінде он рет сөнді. Бүгін таңда төртте сөнгеннен қазір әлі свет жоқ. Себебі біздер жкх, акиматтың балансында жоқпыз. Балансқа өткізу керек болса өткізіп бізге светімізде берсе, менің үйімде мысалы 70 тен кеткен әкем жатыр ауру, төсек тартып жатқан адам.

БАЛТАБАЙ ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН:

Светтің қырсығынан газдың қырсығынан үйде кейбіреулер ауру тауып жатыр. Менің үйімде екі рет телевизорым жанып кетті. Құрсын үндемейсің ғой. Уже балалар немерелер ауыра бастады уже.

Тұрғын үй алабы жеке компанияның балансында. Сондықтан коммуникацияға солар жауапты.

ГҮЛСТАН ӘЛЕКЕНОВА, ТҰРҒЫН:

Спарта кезінде алды дейді. Газды суды, жолды тағы электр энергия барлығын жүргіземін деп бұл жерді алған әкімшіліктен содан ол отыз үй салған. Кейін жердің бәрін сатқан жекеге.

АЙСҰЛУ ЖОЛДЫБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Енді біз Спартамен алысып болдық. Қаншама жыл бойы енді осы Қазақстан ның азаматы ретінде талабымызды орындасын. Бізді балансқа алсын.

Жауапты құрылыс компаниясының басшысы мәселелер жақын арада шешіледі деп сендірді. Сондай-ақ бұл жерді толықтай қаланың балансына өткізу үшін жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

МАҚСАТ СӘҢКІБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сегізінші ноябрь күні проектіні экспертизаға тапсырдық. Енді экспертиза 30 күн ішінде қарайды. Экспертизадан қалай өтеді.Солай қалаға береміз. Егер алса қалаға немесе жкх алу керек негізі. Проект дайын.

Отыз күннен кейін уәде орындалмаса, тұрғындар құзіретті орындарға шағымданбақшы.