Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда өрттен 3 адам қаза болып, екі адам ауруханада жатыр

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2017
  • 2369

Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Марқұмдар тілсіз жау тұтанған пәтердің емес, көрші баспананың тұрғындары болып шықты. Улы газға тұншыққан тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 43 жастағы әйел мен 13 жасар бала.

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Әйел адам реанимация бөлімінде жатыр. Иіс тию салдарынан жағдайы ауыр, комада жатыр. Ал баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт түнгі сағат 1 шамасында Бейбітшілік көшесіндегі 27-нші үйдің пәтерінен шыққан. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, 19 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Олардың 6-ауы бала. Куәгерлер өрт шыққан пәтердің жалға беріліп келгенін айтады.  Ал, өрт кезінде пәтерден ешкім табылмаған. Оқиғаның нақты себебін полиция анықтайды. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған деген болжам бар.

Бұл пәтердің тәулікпен жалға берілетінін білем. Барлығымыз подъездерде пәтерлерді бұлай беруге наразымыз. Оларда еш жауапкершілік жоқ. Жалдап алғандар қашып кетті. Ал өрт қонақ бөлмеде шыққан. Не жанғаны әлі белгісіз.

Қуаныш Мұталапов, Қарағанды облыстық ТЖД бас маманы:

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға салдарынан улы газбен уланған деген диагнозбен үш адам қаза тапты.

Айжан ҚУАШ