Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жантүршігерлік жол апатынан екі жасар бала мен оның анасы жанып кетті

Жамбылда жантүршігерлік жол апатынан екі жасар бала мен оның анасы жанып кетті. Қайғылы оқиға "Батыс Европа- Батыс Қытай" автодәлізінің 369 шақырымында болды. Тараз бағытына қарай бет алған Ваз2114 пен БМВ маркалы көлік, жол шетіне тоқтаған. Сол сәтте мерседес мінген 44 жастағы азамат рөлге ие бола алмай жол шетінде тұрған көлікке келіп соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық темір тұлпар лезде жанып, түгі қалмай өртеніп кеткен. Қызыл жалын ішінде қалып қойған әйел мен оның 2 жасар баласын құтқарып қалу мүмкін болмаған. Жол-көлік оқиғасын жасаған адам қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. 

ЕРЖАН МАНАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Салдарынан БМВ автокөлігінің жүргізуші және жасы кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда аталған жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.