28 маусымда Сенат сайлауы өтеді. Үміткерлер 7 маусымға дейін тіркелуі тиіс. Әзірге өзін-өзі ұсынған азаматтардың аты-жөні белгілі болды.
Солардың бірі - Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев. 52 жастағы шаһар басшысымен бірге тағы екі адам сайлауда бағын сынауға бел байлапты. Олардың бірі - кәсіпкер, ал екіншісі - колледж директоры. Жалпы сенаторлықтан үміткерлердің арасында шенеуніктер мен кәсіпкерлер, ғылым мен өнер саласының қайраткерлері, күштік құрылымдардың өкілдері мен Сенаттың қазіргі депутаттары да бар.
Жанна Асанова, Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрайымы:
28 мамырға
дейін кандидаттарға уақыт бар. Құжаттарды қабылдаудамыз. Күнде Алматы қалалық
сайлау комиссиясы қызметін атқаруда. Ал 28 мамыр күні құжат қабылдау аяқталып,
7 маусымға дейін тіркелу жалғасады. Содан кейін кандидаттар өздерінің
үгіт-насихат науқанына көшеді.