Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп жазды KAZINFORM.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 17.15-те Бөрлі ауданында болды.
«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының 7-шақырымында «Nissan Murano» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Оқиға орнында жүргізуші мен автокөлікте отырған жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.