Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 10-сынып оқушысын пышақтап кеткен

Ақтөбеде тапа тал түсте 10 сынып оқушысы пышақ жарақатын алды. Қансыраған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Алғашқы көмек көрсетіліп, операция жасалды. Қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр. Баланың жағдайын дәрігерлер орташа ауырлықта дейді. 

ӘКІМЖАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Айтуы бойынша белгісіз балдар 3-4 бала телефон сұраған, телефон бермеген содан пышақтап, қашып кеткен. Тамырларына зақым келмеген, беткейлік тамырлары зақымданған. Жалпы сол түскен кезде ота бөліміне көтеіліп, алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, жарақатқа ревизия жасалып, тігіс салынды.

Кәмелетке толмаған баланың жарақат алу дерегі бойынша полиция бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғаған. Күдікті анықталып полиция бөліміне жеткізілді. Зардап шеккен де, оның қасында болған жасөспірім де- қаладағы №10 мектептің оқушылары. Біреуі 10 сыныпта, екіншісі 8 сыныпта оқиды. Білім ордасының басшысы жағдай абайсызда болды деп отыр. 

ИНДИРА БЕКСҰЛТАНОВА, №10 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Ойнап есіктің алдында скамейкада отырғанда қастарына Заречныйда тұратын колледжде оқитын бір бала қастарына отырып кішкентай ойыншық пышақ сияқты пышақпен ойнайды. Сол кезде абайсызда лақтырып отырғанда баланың аяғына тиді деген ақпарат бар. Қазір тергеу жүріп жатыр.