Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО мен Ресейдің шекаралас өңірлерінде мәдени байланыс нығайып келеді

Батыс Қазақстан облысы Ресейдегі бес облысымен шектеседі. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос елдегі қазақтардың өзара мәдени-рухани байланысы үзілген емес. Бүгінде Самара облысында 20 мыңдай қазақ тұрады. Оралдық өнерпаздар да олармен байланысты нығайтқан. Осының арқасында шекараның арғы бетіндегі қандастарымыз Ақжайыққа жиі ат басын бұрады. Мәдени-рухани байланыстың күшеюіне мүдделілік танытқан аймақ басшылығы да шетелдегі ұлттық бірлестіктерді қазақ тіліндегі көркем әдебиет, оқулықтармен қамтамасыз етіп келеді. Орал өңірінде домбыра шанағынан ән мен күй төгілген шара да Ресейден сағынып жеткен бауырларға мерекеге бергісіз мезет болды. 

МӘТЕНИЯЗ СҮЛЕЙМЕНОВ, «АҚ ЖОЛ» САМАРА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ АВТОНОМИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Самарада қанша іс-шара өткізгенде мына Оралдың филармониясы көмек беріп, жыл сайын келіп жүрді ғой. Бүгін енді уақыт тауып, шекарадан өтіп, осындай керемет жақсы концерт тыңдап, келіп отырмыз. Біздің жақта қазақтар шөлдеп қалды ғой осындай әндерге. Жастарға, балаларға қазақтың дәстүрін, қазақтың тілін үйретіп жатырмыз қазақ автономиясында. Ансамбльдеріміз бар.