Русский Сайттың толық нұсқасы

Намибияда жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 125

Африканың оңтүстігіндегі Намибия елінің тұрғындары президент пен Ұлттық ассамблея мүшелерін сайлау үшін сайлау учаскелеріне ағылып жатыр, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

Намибияда шамамен 1,5 млн сайлаушы тіркелген. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.

1990 жылы Намибия тәуелсіздік алғаннан бері жетінші жалпыға ортақ сайлауда президент пен 104 орындық Ұлттық ассамблеяның 96 мүшесі анықталады. Ұлттық ассамблеяның сегіз мүшесін кейінірек Президент тағайындайды.

Сайлаудың бейресми қорытындылары дауыс беру кешкі сағат 21:00-де жабылғаннан кейін белгілі болады деп күтіліп отыр.

Екі кезеңнен тұратын президенттік сайлауға 15 үміткер қатысып отыр. Билікте 34 жыл болған Оңтүстік-Батыс Африка халық ұйымының кандидаты, вице-президент Нетумбо Нанди-Ндайтва жеңіске жеткен жағдайда тұңғыш әйел президент болады.

Оның бәсекелестері арасында негізгі оппозициялық Халықтық- демократиялық қозғалыс (ХДҚ) кандидаты МакГенри Венаани мен «Өзгеріс үшін тәуелсіз патриоттар» (IPC) кандидаты Пандулени Итула бар.