Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Astana TV.
Тәжікстан президентін Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
Эмомали Рахмон 28 қарашаға жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады деп күтіледі. Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады.