Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік желілерден қазақ әндері неге жоғалып кетті?

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 81

Әлеуметтік желілерден қазақ әндері жоғалып кетті, деп хабарлады Информбюро.

Атап айтсақ, Instagram желісінде қазақстандық әншілердің әуендері шықпайтын болды. Себебі, кейбір әншілерге платформадағы тректері үшін қаламақы төленбеген.

Көптеген қазақстандық орындаушылардың әндері енді Instagram әлеуметтік желісінде шырқалмайды. Демек, қазақ әншілерінің музыкасын сторис пен рилске жүктеп, пайдалану мүмкін емес.

Себебі, "Мета" компаниясынан қазақстандық әншілердің музыкасы үшін қаламақы алып отырған "Қазақстан авторлар қоғамы" арасындағы серіктестік келісімі ұзартылмаған. Отандық өнер жұлдыздары төлемақы музыка авторларына жетпеді дейді.

Әнші Әли Оқапов платформадағы тректері үшін қаламақы алмаған. Яғни, Қазақстан авторлар қоғамы не себепті біздің атымыздан келісімшартқа отырғаны түсініксіз дейді. Ал кейбір әншілер музыканы әлеуметтік желіден алып тастау туралы ешқандай ескерту алмағанын айтады.

Бұл туралы Қазақстан авторлар қоғамының өкілдері бұл мәселеге қатысты жауап бермеді. Ал Әділет министрлігі бұл мета компаниясының платформаны жаңарту салдарынан болғанын айтады. Соның салдарынан Қазақстан авторлар қоғамы ұсынған әуендер Instagram-да көрсетілмейді дейді.

"Тіркелген авторлық ұйымдар бар. Олар отандық әншілердің музыкасын әлеуметтік желілерде пайдалануға келісімшарт жасай алады. Ол үшін авторлардың келісімін алу міндетті емес. Бірақ қаламақыдан түсетін табысымен бөлісу керек. Бірақ әншілер авторлық ұйымдарға өз өнімдерін пайдалануға тыйым сала алады", – деді ҚР Әділет министрлігінің комитет төрағасы Шолпан Әбдіреева.

Қазір бір топ әнші мен авторлар тиісті орындарға ұжымдық шағым дайындап жатыр. Онда Қазақстан авторлар қоғамы қаламақы төлемегенін әрі есеп берілмегенін мәлімдеді.