Русский Сайттың толық нұсқасы

"Орынсыз қызғана берме": Ғаділбек Жанай жұрттың көзінше әйелін жылатып қойды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 121

Танымал хит әндердің орындаушысы, әнші Ғаділбек Жанай әйеліне ән арнап, жылатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі су жаңа әнін халыққа ұсынды.

“Маған сеніп, бар өміріңді арнағаның үшін осы ән кезекті сыйлығым деп қабыл ал,Қатөш! Орынсыз қызғана берме! 7 миллиард адамның ішінен таңдағанымның өзі жеткілікті емес пе?! Ақа жезде,Талғат бауырым керемет шедевр үшін рақмет”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ туындының авторы, ақын Ақберен Елгезек жары Динаға арнап жазғанын айтты.

“Динамның туған күніне сыйым болсын деп осы әнді арнайы жаздырдым. Талғат Лес бауырым жүрегімнің пернелерін дәл тауып басып, әдемі ән шығарды. Оны таланты бөлек, өзі ақжүрек бауырым, қазақтың тамаша әншісі Ғаділбек Жанай жүрекпен орындап шықты”, – деп жазды ақын.