Русский Сайттың толық нұсқасы

"ҰҚШҰ-ға мүшелік ету Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады", - сарапшы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелік ету Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Сарапшылар осылай деп пікір білдірді. Бүгінде кез-келген мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы ең алдымен ондағы қауіпсіздік деңгейімен бағаланады. Ал ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бүкіл Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған негізгі құрылымдардың бірі. 

РИЗЗАТ ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Алдағы уақытта, әрине, бұл ұйымның институционалдық және де басқа ұйымдармен өзара әрекеттесуін, мүше мемлекеттердің әскерін жаңарту, оған қоса оқу-тактикалық әлеуетін ұлғайту мәселелері бойынша біраз кешенді сұрақтар қабылданатыны сөзсіз.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық еткен ағымдағы жылы бірқатар басымдықтарға мән берілді. Соның бірі - әскерлердің әлеуетін күшейту және төтенше жағдайлар кезінде әскери еріктілерді жұмылдыру. Киберқауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмады. 

МҰХТАР СЕРІКБАЕВ, ӘСКЕРИ САРАПШЫ:

Қазақстан 1 қаңтардан бастап осы ұйымға төрағалық етті. Келесі жылы еліміз бұл міндетті Қырғызстанға тапсырады. Сондықтан бүгінгі отырыс қатысушылар үшін бірқатар мәселелерді қорытындылауға айналған алаң болатыны анық.