"Салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек". Алматыда Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында мәжіліс депутаттары осылай деді. Салық кодексі сан мәрте өзгереді. Бұл бизнестің тез бейімделуіне де кері әсер етеді. Қазір елімізде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Сондықтан жаңа заңды жеті өлшеп, бір кесетін қылып әзірлеу маңызды. Сондықтан депутаттар ешқандай мәселе тасада қалмас үшін ұсыныстарды жинақтап, көшпелі отырыс өткізудің маңызы зор дейді.
АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз енді қазір президенттің тапсырмасынан кейін облыстық аудандық қалалық мәслихаттарды осы жұмысқа жиірек тарту. Солардың пікірін тыңдау. Соған үйрету. Осы заң әзірлеу үдерісіне сол кісілерді де араластыру дейтін мәселемен жиналып отырмыз. Енді әзірге енді ғана үйреніп келе жатыр енді. Үлкен белсенділік байқамадым. Бірақ жазбаша түрде басқаша түрде біздің депутаттарды осындай ұсыныстар беріп жатыр. Бұл енді әрине бізді қуантатын жақсы үрдіс деп айтуға болады.
Жаңа жобаның қазіргі қолданыстағы заңнан басты айырмашылығы — салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару. Бастысы ашық, түсінікті болуы маңызды. Ешкімде табысын жасырып, көлеңкелі бизнес жасауына мүмкіндік бермеу. Ол үшін Заңның тетіктері тиімді болуы маңызды.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жалпы біз шағын және орта бизнестің ашық болғандығын. Легалды жұмыс жасағандығын қалаймыз. Сәйкесінше осы жердегі салықтық мәселелер де ашық болу керек. Мүмкін жеңілдіктер берілуі қажет шығар. Олар қазіргі алпауыт бизнестермен қатар тұрып салық төлегені қаншалықты дұрыс. Сондықтан да бүгін біз қоғамдық палатада экономистер бар эксперттер бар макроэкономистер бар сонымен қатар салық мамандарын шақырып, осы мәселенің түйіткілді талқылайын деп отырмыз.