Русский Сайттың толық нұсқасы

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мүгедек баласымен такси айдайтын әйелге пәтер сыйлады

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2024
  • 380

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мүгедек баласы бар ананы қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үш баласы бар жалғызбасты ана. Кенже баласы сал ауруына шалдыққан және эпилепсиясы бар. Жалдамалы пәтерде тұрады.

"Кіші балам 8 жасқа келді, жүрмейді, сөйлемейді. Оны курстарға, оңалту орталықтарына, массажға апарамын. Бір жағынан баламен бірге такси айдаймын. Бұл 7 жылға несиеге алынған көлік. Пәтерді қаланың сыртында жалдап тұрамыз, ол жаққа жедел жәрдем келіп болмайды. Сол үшін машина алдым. Негізі таксист болғым келмейді. Қиын нәрсе. Ол тіпті ер адамға қиын ғой. Шаршадым, шынымды айтсам, өмір сүргім келмейді", - дейді әйел видеода.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт әйелге баласының еміне қаражат беріп, пәтердің кілтін сыйлады.

"Бұл қаражатпен баланы емге апарасыз, қалаған кәсібіңізді ашасыз және көліктің несиесін өтейсіз. Сондай-ақ баспаналы болдыңыз", - дейді қара бетперде киген жігіт.