Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда университет бітіретіндерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2017
  • 3247

Қызылжарда студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 3 мыңнан астам жас білім алады.  Оның 590-ы биыл білім ордасын тәмамдамақ. Жас мамандар болашақта жұмыссыз қалмау үшін университет басшылығы "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараға қаланың 80-ге жуық мекемесі мен кәсіпорыны шақыртылыпты. Олардың дені экономика, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, ғылым және құқық салаларын қамтиды. Түлектердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Аталған білім ошағынан биыл 3 мүгедек қанат қағады. Соның бірі - Диана Сәбитова. Психология кафедрасында білім алған ол, мектепте қызмет етуді армандайды. Студент 4 жыл бойы балалардың психологиясын терең зерттеген.

Диана Сәбитова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті:

Мен бірнеше жыл мектептерде оқу тәжірибесінен өттім. Сол кезде балалармен оңай тіл табысатынымды байқадым. Бұл мамандық жаныма жақын. Бүгін бірнеше мектепке түйіндемемді ұсындым. Жақын арада хабарласады деп ойлаймын.

Александр Зель, «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Нұр Отан» партиясы «Сәтті қадам» жобасы аясында студенттерге жұмыс орнын табуға көмектеседі. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға басымдық береміз. Биыл 3 студент университетті бітіргелі отыр. Оның біреуі газетке орналасып үлгерді. Енді қазір тағы екеуіне жұмыс іздестіріп жатырмыз.