Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2024
  • 159

3 желтоқсанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.

 "Қазгидромет" ақпаратынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығы - Орал қаласында да тұман болады. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Сондай-ақ Астана қаласында да тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман да кей уақытта тұман болады деп болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады деп күтіледі. Шымкент, Түркістан қалаларында да түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, сондай-ақ орталығы Қарағанды қаласында да тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман болады.

 Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады. Түнде және таңертең Алматы мен Қонаев қалаларында да тұман түседі деп күтіледі.