Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың сол жағалауында көпқабатты тұрғын үйдің пәтері өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2024
  • 174

Астананың сол жағалауында «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт сөндірушілерге бүгін сағат 15:42-де Нұра ауданы Әнет баба көшесінің бойындағы тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

«7-қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанған. ТЖМ құтқарушылары түтінді аумақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді ТЖ министрлігі.

Қазір өрт толығымен сөндірілген.